- Қазақстандағы 15 жастағы білім алушылар және олардың білім алу контексті
- Қазақстандағы 15 жастағы білім алушылар PISA тапсырмаларын қаншалықты сәтті орындай алды?
- Қазақстан ішіндегі нәтижелердің алшақтығы
- Қазақстандағы білім алушылардың мектеп пен оқуға деген көзқарасы
- Қазақстандағы мектеп өмірі қандай?
- Білім алушылардың қоршаған ортаға қатысты сын-қатерлерге дайындығы
- Қазақстандағы PISA 2025 зерттеуінің негізгі ерекшеліктері
- Сілтемелер
PISA 2025 Results (Volume I): Қазақстан
Table of contents
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалайтын халықаралық бағдарлама (Programme for International Student Assessment, PISA) 15 жастағы білім алушылардың білімін, дағдылары мен көзқарастарын бағалайды. Тест тапсырмалары білім алушылардың күрделі мәселелерді шешу, сыни тұрғыдан ойлау, тиімді қарым-қатынас жасау қабілеттерін тексереді; ал сауалнама арқылы жиналған деректер олардың білім алу контекстін сипаттайды. Бұл өз кезегінде білім беру жүйелері білім алушыларды шынайы өмірдегі қиындықтарға және болашақта жетістікке қол жеткізу үшін қаншалықты сапалы оқытатыны туралы түсінік береді. Қазақстан PISA зерттеуіне алғаш рет 2009 жылы қатысты. Нәтижелерді халықаралық деңгейде салыстыра отырып, Қазақстандағы білім саясатын әзірлеуші тұлғалар мен педагогтер басқа елдердің саясаты мен тәжірибесінен сабақ ала алады.
Қазақстандағы 15 жастағы білім алушылар және олардың білім алу контексті
Copy link to Қазақстандағы 15 жастағы білім алушылар және олардың білім алу контексті1-сурет. Білім алушыларың оқыту нәтижелерінің көпөлшемді көрсеткіштер дэшборды
Copy link to 1-сурет. Білім алушыларың оқыту нәтижелерінің көпөлшемді көрсеткіштер дэшборды
Ескертпе: Деректердің жетіспеуіне байланысты әрбір өлшем бойынша барлық елдер мен аймақтар қамтылмаған. Әрбір өлшем бойынша ең жоғары нәтиже көрсеткен ел/аумақ пен ЭЫДҰ орташа мәні ерекшеленіп көрсетілген; сабақтан қалу көрсеткіштері кему ретімен берілген, сондықтан оң жақта орналасқан мәндер сабақтан қалу деңгейінің төмен екенін білдіреді.
Білім алушылар мен директорлардың сауалнама нәтижелерінен алынған көрсеткіштер бойынша елдер мен аумақтар арасындағы айырмашылықтарды сақтықпен интерпретациялау қажет, өйткені олар нақты айырмашылықтарды емес, жауап беру ерекшеліктеріндегі айырмашылықтарды көрсетуі мүмкін. Сауалнамаға жауап бермеу, мәдени нормалар, сондай-ақ сұрақтарды әртүрлі түсіну сияқты факторлар осы көрсеткіштерге әсер етуі мүмкін.
Анықтамалар: Пайыз түрінде көрсетілмеген мәндер тиісті сауалнама индекстерінің орташа мәндеріне сәйкес келеді. Пайыздар келесідей анықталады: Шекті құзыреттілік деңгейінен жоғары нәтиже көрсеткен білім алушылардың үлесі: жаратылыстану, математика және оқу сауаттылығы бойынша 2-деңгейде немесе одан жоғары, есептеу әдістерімен тапсырмаларды шешу бойынша 3-деңгейде немесе одан жоғары нәтиже көрсеткен білім алушылардың үлесі; Дамуға бағытталған ойлау: «Сізде белгілі бір интеллект деңгейі бар және оны өзгерту үшін көп нәрсе жасай алмайсыз» деген тұжырыммен келіспейтін немесе мүлдем келіспейтін білім алушылардың үлесі; Мектепте білім алудың құндылығы: «Білім беру ұйымы мені оны бітіргеннен кейінгі ересек өмірге дайындамады» деген тұжырыммен келіспейтін немесе мүлдем келіспейтін білім алушылардың үлесі; Буллингтің болмауы: ешқашан немесе ешқашан дерлік буллингтің кез келген түрінің құрбаны болмағанын хабарлаған білім алушылардың үлесі (буллингтің бес түрлі түрі қамтылған тізім бойынша); Сабақтан қалу: PISA тестілеуіне дейінгі екі апта ішінде кемінде бір сабаққа немесе бір күн оқуға бармағанын хабарлаған білім алушылардың үлесі; Жаратылыстанудағы академиялық табандылық: әлеуметтік-экономикалық жағдайы бойынша төменгі квартильге жататын (төмен әлеуметтік-экономикалық жағдай) және өз еліндегі білім алушылар арасындағы нәтижелер бойынша жоғарғы квартильге жататын білім алушылардың үлесі; Әлеуметтік мобильділікке сену: «Сіздің қоғамдағы мәртебеңіз - бұл сіз қатты өзгерте алмайтын нәрсе» деген тұжырыммен келіспейтін немесе мүлдем келіспейтін білім алушылардың үлесі; Педагог кадрлардың жетіспеушілігінің болмауы: мектеп директоры мектептің білім беруді қамтамасыз ету мүмкіндігіне педагог кадрлардың жетіспеушілігі мүлдем кедергі келтірмейтінін хабарлаған мектептердегі білім алушылардың үлесі; Білім алушылар арасындағы өзара оқыту: мектеп директоры білім алушылар арасындағы өзара оқытудың ұйымдастырылатынын хабарлаған мектептердегі білім алушылардың үлесі; Сабақта ЖИ жасаған контентті бағалауды үйрену: сабақта жасанды интеллект чат-боттары (мысалы, ChatGPT) жасаған ақпараттың сапасын кейде, жиі немесе өте жиі бағалайтынын хабарлаған білім алушылардың үлесі; Мектептің ішкі тәртібі: ұялы телефондарды пайдалануға тыйым салу: мектеп директоры мектеп аумағында ұялы телефондарды пайдалануға рұқсат етілмейтінін хабарлаған мектептердегі білім алушылардың үлесі; Мектептің ішкі тәртібі: әр пәнге сәйкес цифрлық құрылғыларды пайдалануға арналған нұсқаулықтар: мектеп директоры мектепте нақты пәндер бойынша оқыту мен білім алуда цифрлық құрылғыларды пайдалануға арналған ресми нұсқаулықтар бар екенін хабарлаған мектептердегі білім алушылардың үлесі.
Дереккөз: I.1.2-сурет.
Интерактивті дэшборд: https://www.oecd.org/en/data/dashboards/pisa-education-and-skills.html
PISA-2025 деректерінің сапасына қатысты ескертпелер
PISA зерттеуінің осы циклі 91 ел мен аумаққа қатысты деректерді қамтиды. Елдер мен аумақтардың басым көпшілігі PISA-ның техникалық стандарттарына сәйкес келгенімен, олардың кейбіреуі бұл талаптарды толық орындай алмады. Атап айтқанда, атауларының қасында жұлдызша (*) белгісі бар елдер мен аумақтардың нәтижелерін талдау кезінде сақтық таныту қажет: олардың нәтижелеріне жоғары деңгейдегі белгісіздік әсер етуі немесе бір немесе бірнеше PISA іріктеу стандарттарының сақталмауына байланысты нәтижелерінде ауытқу болуы мүмкін. Толығырақ ақпаратты PISA-2025 нәтижелері, 1-том есебіндегі Оқырманға арналған нұсқаулықтан (Reader’s Guide) және PISA-2025 техникалық есебінің 18-тарауынан (Деректерді сараптамалық тексеру және растау) табуға болады.
Қазақстан бойынша барлық деректер PISA-ның сапа стандарттарына сай болды және есепке енгізуге жарамды деп бағаланды.
Қазақстандағы 15 жастағы білім алушылар PISA тапсырмаларын қаншалықты сәтті орындай алды?
Copy link to Қазақстандағы 15 жастағы білім алушылар PISA тапсырмаларын қаншалықты сәтті орындай алды?Жаратылыстану, математика және оқу сауаттылығы бойынша нәтижелер динамикасы
Copy link to Жаратылыстану, математика және оқу сауаттылығы бойынша нәтижелер динамикасы2-сурет. Жаратылыстану, математика және оқу сауаттылығы бойынша нәтижелер динамикасы
Copy link to 2-сурет. Жаратылыстану, математика және оқу сауаттылығы бойынша нәтижелер динамикасы
Ескертпе: Ақ түсті нүктелер PISA-2025 нәтижелерімен салыстырғанда статистикалық тұрғыдан мәнді түрде ерекшеленбейтін орташа нәтижелерді көрсетеді. Осы суреттің интерактивті нұсқасы келесі сілтеме арқылы қолжетімді: https://www.oecd.org/en/data/dashboards/pisa-education-and-skills/performance-trends.html.
Дереккөз: I.B1.2a.36-38 кестелері
Қазақстанның 2025 жылғы математика бойынша орташа нәтижелері 2022 жылмен салыстырғанда төмендеді, ал оқу мен жаратылыстану бойынша көрсеткіштері 2022 жылғы деңгейде сақталды.
Оқу сауаттылығы бойынша нәтижелер он жылдан астам уақыт бойы (2009 жылдан бастап) тұрақты деңгейде сақталып келеді. Жаратылыстану бойынша 2025 жылғы нәтижелер 2018 жылғы нәтижелермен салыстырғанда жақсарды, ал математика бойынша біршама төмендеді.
2022-2025 жылдар аралығында ең жоғары нәтиже көрсеткен білім алушылар (ең жоғары балл жинаған 10%) мен ең төмен нәтиже көрсеткен білім алушылар (ең төмен балл жинаған 10%) арасындағы алшақтық математика мен жаратылыстану бойынша айтарлықтай өзгерген жоқ, ал оқу сауаттылығы бойынша бұл алшақтық қысқарды.
2018 жылмен салыстырғанда үлгерімі төмен білім алушылардың (2-деңгейден төмен нәтиже көрсеткен) үлесі математика бойынша 7 пайыздық тармаққа артты; оқу сауаттылығы бойынша айтарлықтай өзгерген жоқ; жаратылыстану бойынша 12 пайыздық тармаққа төмендеді.
Қазақстан басқа елдер мен аумақтармен салыстырғанда қандай нәтиже көрсетті?
Copy link to Қазақстан басқа елдер мен аумақтармен салыстырғанда қандай нәтиже көрсетті?Қазақстандағы білім алушылар математика, оқу және жаратылыстану бойынша ЭЫДҰ елдерінің орташа мәнінен төмен нәтиже көрсетті (3-сурет).
Қазақстандағы кемінде бір пән бойынша жоғары нәтиже көрсеткен білім алушылардың (5 немесе 6-деңгей) үлесі ЭЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіштен төмен болды. Сонымен қатар, барлық үш пән бойынша ең төменгі құзыреттілік деңгейіне (2-деңгей немесе одан жоғары) жеткен білім алушылардың үлесі де ЭЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіштен төмен болды (4-сурет).
Есептеу әдістерімен тапсырмаларды шешу бойынша Қазақстандағы білім алушылардың орташа нәтижелері ЭЫДҰ орташа мәнінен төмен болды (3-сурет).
3-сурет. Жаратылыстану, математика, оқу және есептеу әдістерімен тапсырмаларды шешу бойынша орташа нәтижелер
Copy link to 3-сурет. Жаратылыстану, математика, оқу және есептеу әдістерімен тапсырмаларды шешу бойынша орташа нәтижелерҚазақстан, ЭЫДҰ орташа мәні және салыстыру үшін таңдалған елдер/аумақтар
Ескертпелер: Салыстыру үшін таңдалған елдер/аумақтарға әр бағалау бағыты бойынша ең жоғары нәтиже көрсеткен елдер мен аумақтар және ЭЫДҰ елдері арасында ең жоғары нәтиже көрсеткен елдер кіреді; PISA-2025 зерттеуінің қалған барлық қатысушыларымен салыстыру үшін дереккөзде көрсетілген кестелер мен суреттерді қараңыз. Белгілердің екі жағына созылған көлденең сызықтар орташа балдарға қатысты белгісіздік деңгейін (95% сенімділік аралығы) білдіреді.
Дереккөз: I.B1.2a.1-3 кестелері және I.2.1, I.2.4, I.2.o1 және I.2.o2 кестелері
Білім алушылардың жаратылыстану бойынша білімдері мен дағдылары
Copy link to Білім алушылардың жаратылыстану бойынша білімдері мен дағдылары4-сурет. 15 жастағы білім алушылардың жаратылыстану, математика және оқу сауаттылығы бойынша үлгерімі
Copy link to 4-сурет. 15 жастағы білім алушылардың жаратылыстану, математика және оқу сауаттылығы бойынша үлгеріміҚазақстан және ЭЫДҰ орташа мәні
Қазақстандағы білім алушылардың шамамен 52%-ы жаратылыстану сауаттылығы бойынша 2 немесе одан жоғары деңгейге жетті (ЭЫДҰ орташа мәні: 74%). Бұл деңгейге жеткен білім алушылар өздеріне таныс ғылыми құбылыстардың дұрыс түсіндірмесін анықтай алады және берілген деректер негізінде қарапайым жағдайларда қорытындының дұрыстығын анықтау үшін өз білімдерін қолдана алады. Үздік нәтиже көрсеткен B-S-J-Z (Қытай), Макао (Қытай), Сингапур, Эстония, Жапония, Қытайлық Тайбэй және Кореядағы (пайыздық көрсеткіштің кему ретімен) білім алушылардың 85%-дан астамы осы немесе одан жоғары деңгейдегі нәтиже көрсетті.
Қазақстанда жаратылыстану бойынша жоғары нәтиже көрсеткен, яғни 5 немесе 6- деңгейге жеткен білім алушылардың үлесі жоқтың қасы болды (ЭЫДҰ орташа мәні: 7%). Бұл білім алушылар жаратылыстану және ғылым туралы білімдерін әртүрлі, соның ішінде бұрын кездеспеген жағдайларда да шығармашылықпен және өз бетінше қолдана алады.
Білім алушылардың математика бойынша білімдері мен дағдылары
Copy link to Білім алушылардың математика бойынша білімдері мен дағдыларыҚазақстандағы білім алушылардың 44%-ы математика бойынша ең төменгі 2-деңгейге қол жеткізді (ЭЫДҰ орташа мәні: 65%). Бұл деңгейге жеткен білім алушылар тікелей нұсқаулар берілмеген жағдайда да қарапайым жағдаятты математикалық түрде қалай өрнектеуге болатынын түсіндіре және тани алады (мысалы, екі балама бағыттың жалпы қашықтығын салыстыру немесе бағаларды басқа валютада есептеу).
Қазақстандағы білім алушылардың шамамен 1%-ы PISA тестілеуінде математика бойынша 5 немесе 6- деңгейге жетіп, жоғары нәтиже көрсетті (ЭЫДҰ орташа мәні: 8%). 5 немесе 6- деңгейге жеткен білім алушылардың ең жоғары үлесі Азияның жеті елі мен аумағында байқалады: B-S-J-Z (Қытай) (54%), Сингапур (37%), Қытайлық Тайбэй (32%), Макао (Қытай) (29%), Корея (23%), Жапония (22%) және Гонконг (Қытай) (21%). Бұл деңгейлерде білім алушылар күрделі жағдайларды математикалық тұрғыдан модельдеуге, сондай-ақ оларды шешу үшін тиісті стратегияларды таңдауға, салыстыруға және бағалауға қабілетті. PISA- 2025 зерттеуіне қатысқан 13 ел мен аумақта білім алушылардың 10%-дан астамы 5 немесе 6- деңгейге жетті.
Білім алушылардың оқу сауаттылығы бойынша білімдері мен дағдылары
Copy link to Білім алушылардың оқу сауаттылығы бойынша білімдері мен дағдыларыҚазақстандағы білім алушылардың шамамен 36%-ы оқу сауаттылығы бойынша 2 немесе одан жоғары деңгейге жетті (ЭЫДҰ орташа мәні: 69%). Бұл деңгейге жеткен білім алушылар орташа көлемдегі мәтіннің негізгі ойын анықтай алады, нақты, кейде күрделі болса да, критерийлерге негізделген ақпаратты таба алады және нақты нұсқау берілген жағдайда мәтіндердің мақсаты мен формасы туралы ой қорыта алады. Оқу сауаттылығы бойынша ең төменгі деңгейге (2-деңгей немесе одан жоғары) жеткен 15 жастағы білім алушылардың үлесі B-S-J-Z (Қытай) еліндегі 93%-дан Руандадағы 4%-ға дейін ауытқиды.
Қазақстанда оқу сауаттылығы бойынша 5 немесе одан жоғары деңгейге жеткен білім алушылардың үлесі өте төмен (ЭЫДҰ орташа мәні: 6%). Бұл білім алушылар көлемді мәтіндерді түсіне алады, абстрактілі немесе контринтуитивті ұғымдармен жұмыс істей алады және мәтін мазмұнына немесе ақпарат көзіне қатысты жанама мәліметтерге негізделген фактілер пен пікірлерді ажырата алады.
Қазақстан ішіндегі нәтижелердің алшақтығы
Copy link to Қазақстан ішіндегі нәтижелердің алшақтығы5-сурет. Жаратылыстану бойынша нәтижелер және білім алушылар мен мектептердің әлеуметтік-экономикалық жағдайы
Copy link to 5-сурет. Жаратылыстану бойынша нәтижелер және білім алушылар мен мектептердің әлеуметтік-экономикалық жағдайы
Дереккөз: I.B1.2b.7-кесте және I.B1.2b.11-кесте; және ЭЫДҰ, PISA-2025 деректер базасы.
Ескертпелер: Сол жақтағы график әлеуметтік-экономикалық жағдайы (ӘЭЖ) әртүрлі білім алушылардың нәтижелерін ЭЫДҰ елдеріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайы ұқсас білім алушылардың орташа нәтижелерімен салыстырады. Боялған аймақ белгісіздік өлшемді (95% сенімділік аралығы) білдіреді. Графикте көрсетілген пайыздық көрсеткіштер Қазақстандағы білім алушылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы бойынша әрбір халықаралық квартильге жататын үлесін білдіреді.
Оң жақтағы графикте PISA зерттеуіне қатысқан мектептердің нәтижелері мен орташа әлеуметтік-экономикалық жағдайы (ӘЭЖ) көрсетілген (суретте тек модальді сыныпта оқитын 15 жастағы білім алушылары бар мектептердің нәтижелері көрсетілген). Нүктелердің көлемі әр мектеп қамтитын 15 жастағы білім алушылардың санына пропорционал.
Әлеуметтік-экономикалық алшақтық
Copy link to Әлеуметтік-экономикалық алшақтықPISA экономикалық, әлеуметтік және мәдени жағдайының индексі PISA зерттеуіне қатысатын барлық білім алушыларды, олардың тұратын еліне қарамастан, бірдей әлеуметтік-экономикалық шкалаға орналастыру үшін есептеледі. Бұл индексті әртүрлі елдердегі әлеуметтік-экономикалық жағдайы ұқсас білім алушылардың нәтижелерін салыстыру үшін пайдалануға болады. Қазақстанда білім алушылардың 38%-ы (ең үлкен үлес) әлеуметтік-экономикалық шкаланың 3-ші халықаралық квартиліне кірді, яғни олар PISA-2025 зерттеуіне қатысқан әлеуметтік-экономикалық жағдайы ең төмен немесе ең жоғары білім алушылардың қатарына жатпады. Олардың жаратылыстану сауаттылығы бойынша орташа нәтижесі 425 балды құрады. Сингапур, Қытайлық Тайбэй және Макаодағы (Қытай) әлеуметтік-экономикалық жағдайы ұқсас білім алушылардың нәтижелері едәуір жоғары болды.
PISA экономикалық, әлеуметтік және мәдени жағдайының индексін әрбір ел мен аумақ шегінде білім алушыларды әлеуметтік-экономикалық жағдайы ең төменнен ең жоғарыға қарай бөлу және бірдей мөлшердегі төрт топқа бөлу үшін де пайдалануға болады (әр топ 15 жастағы білім алушылардың 25%-ын құрайды). Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық жағдайы жоғары білім алушылар (әлеуметтік-экономикалық жағдайы бойынша жоғарғы 25%) әлеуметтік-экономикалық жағдайы төмен білім алушылардан (төменгі 25%) жаратылыстану сауаттылығы бойынша 41 балға жоғары нәтиже көрсетті. Бұл ЭЫДҰ елдері бойынша екі топ арасындағы орташа алшақтықтан (85 балл) төмен.
2018-2025 жылдар аралығында әлеуметтік-экономикалық жағдайы ең жоғары және ең төменгі 25%-ға кіретін білім алушылар арасындағы жаратылыстану бойынша нәтижелердегі алшақтық Қазақстанда да, ЭЫДҰ елдері бойынша орта көрсеткіште де тұрақты болып қалды. Осы уақыт аралығында әлеуметтік-экономикалық жағдайы жоғары және төмен білім алушылардың нәтижелері бірдей деңгейде жақсарды.
Әлеуметтік-экономикалық жағдай PISA зерттеуіне қатысатын барлық елдер мен аумақтардағы жаратылыстану бойынша нәтижелердің предикторы болып табылады. PISA-2025 зерттеуінің қорытындылары бойынша Қазақстандағы жаратылыстану бойынша нәтижелердегі айырмашылықтың 5%-ы білім алушылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайымен түсіндірілді (ЭЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіш: 12%).
Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы төмен білім алушылардың шамамен 18%-ы жаратылыстану бойынша ең жоғары нәтиже көрсеткен 25% білім алушылар қатарына кірді. Бұл білім алушыларды академиялық табандылық танытты деп санауға болады, өйткені олар әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан, өз еліндегі білім алушылармен салыстырғанда жоғары білім беру нәтижелеріне қол жеткізді. ЭЫДҰ елдері бойынша орта есеппен әлеуметтік-экономикалық жағдайы төмен білім алушылардың 12%-ы өз елдеріндегі жаратылыстану бойынша ең жоғары нәтиже көрсеткен 25% білім алушылар қатарында болды.
Қазақстандағы білім алушылардың мектеп пен оқуға деген көзқарасы
Copy link to Қазақстандағы білім алушылардың мектеп пен оқуға деген көзқарасыБілім алушылардың білімқұмарлығы, табандылығы және мектепте білім алудың құндылығына көзқарасы
Copy link to Білім алушылардың білімқұмарлығы, табандылығы және мектепте білім алудың құндылығына көзқарасыҚазақстандағы білім алушылардың 73%-ы көптеген әртүрлі нәрселерге қызығушылық танытатынын хабарлады, бұл ЭЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткішке (73%) сәйкес келеді. Сонымен қатар білім алушылардың 64%-ы тапсырма орындау қиын болған кезде қосымша күш салатынын хабарлады (ЭЫДҰ орташа мәні: 60%). Ал білім алушылардың 17%-ы мектепке бару олар үшін уақытты босқа кетіру деген оймен келісті немесе толықтай келісті (ЭЫДҰ орташа мәні: 24%).
2022-2025 жылдар аралығында Қазақстанда білім алушылардың бұл көзқарастары мен ұстанымдары біршама өзгерді. Көптеген әртүрлі нәрселерге қызығушылық танытатынын хабарлаған білім алушылардың үлесі 3,9 пайыздық тармаққа; тапсырма орындау қиын болған кезде қосымша күш салатынын хабарлаған білім алушылардың үлесі 3,0 пайыздық тармаққа төмендеді; ал мектепке бару уақытты босқа кетіру деп санайтын білім алушылардың үлесі 6,6 пайыздық тармаққа азайды.
Білімқұмарлық, табандылық және мектепте білім алудың құндылығына оң көзқарас көбінесе жаратылыстану сауаттылығы бойынша жоғары нәтижелермен байланысты болды. Қазақстанда білім алушылар мен мектептердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын ескергеннен кейін, білімқұмарлық индексінің бір бірлікке артуы жаратылыстану сауаттылығы бойынша нәтиженің 15 балға жоғары болуымен байланысты болды, ал ЭЫДҰ елдері бойынша бұл орташа көрсеткіш 19 балды құрады. Мектепте білім алудың құндылығын жоғары бағалайтын және мектепте оқуды уақытты босқа кетіру деп санамайтын білім алушылар өздерін мектепте уақытын босқа өткізіп жүргендей сезінетін құрдастарына қарағанда жаратылыстану сауаттылығы бойынша жоғары нәтиже көрсетуге бейім (22 балға жоғары; ЭЫДҰ орташа мәні: 27 балл).
Білім алушылардың оқуға деген көзқарасы
Copy link to Білім алушылардың оқуға деген көзқарасыPISA-2025 зерттеуінде білім алушыларға білім алуға қатысты басқа да көзқарастары мен ұстанымдары туралы сұрақтар қойылды. Мысалы, Қазақстандағы білім алушылардың 75%-ы дамуға бағытталған ойлауға ие (ЭЫДҰ орташа мәні: 69%), яғни олар интеллектіні еңбек, күш-жігер және кері байланыс арқылы дамытуға болады деген сенімді ұстанады. ЭЫДҰ елдері бойынша орта есеппен дамуға бағытталған ойлауға ие білім алушылар мұндай ұстанымы жоқ құрдастарына қарағанда жаратылыстану сауаттылығы бойынша 28 балға жоғары нәтиже көрсетеді. Қазақстанда білім алушылар мен мектептердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын ескергеннен кейін бұл айырмашылық 23 балды құрады.
PISA-2025 деректері білім алушылардың өзін-өзі реттеу және мақсат қою мінез-құлықтарын да сипаттайды. Мысалы, Қазақстандағы білім алушылардың шамамен 61%-ы қалай оқитынын жиі немесе өте жиі жоспарлайтынын хабарлады. Сонымен қатар білім алушылардың 56%-ы оқу материалын толық түсінгеніне көз жеткізу үшін өздеріне сұрақ қоятынын мәлімдеді (ЭЫДҰ бойынша орташа көрсеткіштер: тиісінше 37% және 49%).
Дербес және өзін-өзі реттей отырып білім алатын оқушы қашан және кімнен көмек сұрау қажет екенін біледі. PISA-2025 деректері көптеген елдерде білім алушылардың оқу барысында қолдау үшін көбінесе мұғалімдері мен сыныптастарына жүгінетінін көрсетеді. Қазақстанда білім алушылардың 83%-ы қажет болған кезде мұғалімдерінен көмек сұрайды, ал 83%-ы қандай да бір нәрсені толық түсінбеген кезде сыныптастарынан көмек сұрайды (ЭЫДҰ бойынша орташа көрсеткіштер: тиісінше 77% және 82%).
Қазақстанда білім алушылар мен мектептердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын ескергеннен кейін де мақсат қою және көмек сұрау жаратылыстану сауаттылығы бойынша жоғары нәтижелермен оң байланысты болды. Мақсат қою индексінің бір бірлікке артуы жаратылыстану бойынша нәтижелердің 3 балға өсуімен байланысты (ЭЫДҰ орташа мәні: 3 балл), ал көмек сұрау индексінің бір бірлікке артуы 6 балға өсуімен байланысты (ЭЫДҰ орташа мәні: 6 балл).
Қазақстандағы мектеп өмірі қандай?
Copy link to Қазақстандағы мектеп өмірі қандай?Кадрлық және материалдық ресурстардың жетіспеушілігі туралы пікірлер
Copy link to Кадрлық және материалдық ресурстардың жетіспеушілігі туралы пікірлер2025 жылы Қазақстандағы білім алушылардың 23%-ы мектеп директорлары мұғалімдердің жетіспеушілігі оқыту процесіне кемінде белгілі бір дәрежеде кедергі келтіретінін хабарлаған мектептерде оқыды (ЭЫДҰ орташа мәні: 39%); көмекші қызметкерлердің жетіспеушілігі бойынша бұл үлес 15%-ды құрады (ЭЫДҰ орташа мәні: 39%). Қазақстанда мұғалімдердің жетіспеушілігі туралы хабарлаған мектептердегі білім алушылардың үлесі 2022 жылмен салыстырғанда (36%) төмендеді.
PISA-2025 деректері материалдық ресурстардың жетіспеушілігі көптеген елдер мен аумақтарда әлі де өзекті мәселе болып отырғанын көрсетеді. Қазақстандағы білім алушылардың шамамен 22%-ы мектеп директорлары оқу материалдарының (мысалы, оқулықтар, компьютерлік құралдар, кітапхана немесе зертханалық материалдар) жетіспеушілігі оқыту процесіне кемінде белгілі бір дәрежеде кедергі келтіретінін хабарлаған мектептерде, ал 24%-ы материалдық-техникалық базаның (мысалы, ғимарат, спорт алаңдары, жылыту/салқындату жүйелері, жарық және акустикалық жүйелер) жетіспеушілігі оқыту процесіне кедергі келтіретін мектептерде оқыды. 2022 жылы аталған көрсеткіштер тиісінше 34% және 37%-ды құрады.
Цифрлық ресурстар
Copy link to Цифрлық ресурстарҚазақстанда білім алушылар цифрлық құрылғыларды мектепте оқу мақсатында пайдалануға күніне орта есеппен 2,2 сағат жұмсайтынын хабарлады (ЭЫДҰ орташа мәні: 1,7 сағат). Сонымен қатар сабақ күндерінде цифрлық құрылғыларды пайдалану уақытының едәуір бөлігі оқу мақсаттарына қатысы жоқ әрекеттерге жұмсалады: Қазақстандағы білім алушылар мектепте цифрлық құрылғыларды ойын-сауық және бос уақыт өткізу үшін күніне орта есеппен 1,2 сағат пайдаланатынын хабарлады (ЭЫДҰ орташа мәні: 1,1 сағат).
Қазақстанда білім алушылардың 19%-ы жаратылыстану ғылымдары бойынша сабақтардың басым бөлігінде немесе барлық сабақтарында сыныптастарының цифрлық құрылғыларға жиі алаңдайтынын хабарлады (ЭЫДҰ орташа мәні: 28%). ЭЫДҰ елдері бойынша орта есеппен жаратылыстану сабақтарында цифрлық алаңдаушылық бар екенін хабарлаған білім алушылар әлеуметтік-экономикалық жағдайын ескергеннен кейін цифрлық алаңдаушылық жоқ екенін хабарлаған білім алушыларға қарағанда жаратылыстану сауаттылығы бойынша 11 балға төмен нәтиже көрсетті. Қазақстан цифрлық алаңдаушылық білім алушылардың нәтижелерінде статистикалық тұрғыдан мәнді айырмашылықтармен байланысты емес елдер мен аумақтардың қатарына кіреді.
ЭЫДҰ елдері бойынша орта есеппен мектеп аумағында ұялы телефондарды пайдалануға тыйым салынған мектептерде оқитын білім алушылар цифрлық алаңдаушылықты шамамен 13%-ға азырақ хабарлайды. 2025 жылы Қазақстандағы білім алушылардың 39%-ы осындай тыйым салынған мектептерде оқыды (ЭЫДҰ орташа мәні: 49%), бұл PISA-2022 көрсеткішінен (29%; PISA-2022 бойынша ЭЫДҰ орташа мәні: 34%) жоғары. Бұл нәтижелер аталған уақыт аралығында ұялы телефондарды пайдалануға тыйым салу тәжірибелерінің айтарлықтай артқанын көрсетеді.
Көптеген білім беру жүйелерінде білім алушылар мектеп тапсырмаларын орындау үшін ЖИ чат-боттарын пайдаланады, бұл олардың оқуына қатысты жаңа мүмкіндіктер мен қиындықтар туғызуда. Қазақстандағы білім алушылардың 47%-ы оқуына көмектесу үшін ЖИ чат-боттарын кемінде аптасына бір рет пайдаланатынын хабарлады (ЭЫДҰ орташа мәні: 46%). Білім алушылар ЖИ-ді жаңа тақырып бойынша алдын ала зерттеу жүргізу үшін де (Қазақстан: 38%; ЭЫДҰ орташа мәні: 31%), оқуы тиіс мәтіннің қысқаша мазмұнын алу үшін (Қазақстан: 38%; ЭЫДҰ орташа мәні: 30%) және жазбаша тапсырмалар үшін мәтіннің жобасын дайындау үшін (Қазақстан: 39%; ЭЫДҰ орташа мәні: 29%) жиі пайдаланады. Білім алушылардың тек 8%-ы ғана PISA аясында қарастырылған мектеп тапсырмаларының ешқайсысы бойынша ЖИ чат-боттарын ешқашан немесе ешқашан дерлік пайдаланбайтынын атап өтті (ЭЫДҰ орташа мәні: 14%).
Буллинг және кибербуллинг
Copy link to Буллинг және кибербуллингҚазақстандағы білім алушылардың 9%-ы 2025 жылы айына бірнеше рет немесе одан да жиі буллингтің кемінде бір түрінің құрбаны болғанын хабарлады (ЭЫДҰ орташа мәні: 20%). PISA-2022 мен PISA-2025 аралығында буллингтің таралу деңгейі айтарлықтай өзгерген жоқ, ал қатысушы елдер мен аумақтардың басым көпшілігінде ол артты.
Кибербуллинг буллингтің басқа түрлерімен салыстырғанда салыстырмалы түрде сирек кездеседі. Қазақстандағы білім алушылардың 2%-ы PISA тестілеуіне дейінгі 12 ай ішінде өздері туралы ренжітетін ақпараттың олардың келісімінсіз интернетте айына кемінде бірнеше рет жарияланғанын хабарлады (ЭЫДҰ орташа мәні: 3%).
Жаратылыстану сабақтарындағы мұғалімнің қолдауы және тәртіп
Copy link to Жаратылыстану сабақтарындағы мұғалімнің қолдауы және тәртіпҚазақстандағы білім алушылардың 85%-ы жаратылыстану сабақтарының көпшілігінде мұғалім әр білім алушының оқуына қызығушылық танытатынын хабарлады (ЭЫДҰ орташа мәні: 69%), 86%-ы мұғалім білім алушылар түсінгенге дейін оқытуды жалғастыратынын хабарлады (ЭЫДҰ орташа мәні: 66%), ал 88%-ы білім алушыларға қажет болған кезде мұғалім қосымша көмек көрсететінін хабарлады (ЭЫДҰ орташа мәні: 73%). 2015 жылы тиісті көрсеткіштер сәйкесінше 86%, 89% және 88% болды.
2025 жылы жаратылыстану сабақтарындағы тәртіп көптеген елдер мен аумақтарда әлі де алаңдаушылық туғызады: Қазақстандағы білім алушылардың шамамен 10%-ы сабақтардың көпшілігінде немесе барлығында алаңсыз жұмыс істей алмайтынын хабарлады (ЭЫДҰ орташа мәні: 19%); 12%-ы шу мен тәртіпсіздік жаратылыстану сабақтарының көпшілігіне немесе әр сабағына кедергі келтіретінін хабарлады (ЭЫДҰ орташа мәні: 31%); 17%-ы сыныптастары мұғалімнің айтқанына құлақ аспайтынын хабарлады (ЭЫДҰ орташа мәні: 29%).
ЭЫДҰ елдері бойынша орта есеппен 2015-2025 жылдар аралығында жаратылыстану сабақтарындағы тәртіп пен мұғалімнің қолдауы жақсарды. Қазақстанда осы кезеңде тек мұғалімнің қолдауы бойынша көрсеткіштер жақсарды, ал тәртіп деңгейі төмендеді. Тәртіптік ахуалы жақсарған елдер мен аумақтарда 2015 жылмен салыстырғанда жаратылыстану ғылымдары бойынша орташа нәтижелердің өзгеріссіз қалуы немесе артуы байқалады.
Ата-аналардың қатысуы және қолдауы
Copy link to Ата-аналардың қатысуы және қолдауы2022-2025 жылдар аралығында PISA-ға қатысушы елдер мен аумақтардың басым көпшілігінде білім алушыларға отбасы тарапынан көрсетілетін қолдау деңгейі айтарлықтай төмендеді. Қазақстанда да осындай үрдіс байқалады. 2025 жылы Қазақстандағы білім алушылардың 54%-ы ата-аналары немесе қамқоршылары аптасына кемінде бір рет мектепте не істегендері туралы сұрайтынын хабарлады, ал 45%-ы мектепте туындауы мүмкін мәселелер туралы аптасына кемінде бір рет сөйлесетінін хабарлады. 2022 жылы аталған көрсеткіштер тиісінше 68% және 61% болды.
Сабақтан қалу және кешігу
Copy link to Сабақтан қалу және кешігу2025 жылы Қазақстандағы білім алушылардың шамамен 27%-ы тестілеуге дейінгі соңғы екі апта ішінде кем дегенде бір күн сабаққа бармағанын хабарлады (ЭЫДҰ орташа мәні: 22%); 25%-ы кемінде бір сабақтан қалғанынхабарлады (ЭЫДҰ орташа мәні: 24%); 53%-ы мектепке кешігіп келгенін хабарлады (ЭЫДҰ орташа мәні: 50%). Алдыңғы жылдары тиісті көрсеткіштер 25%, 25% және 53% (2022 жылы), 52%, 54% және 54% (2018 жылы) болды.
Білім алушылардың қоршаған ортаға қатысты сын-қатерлерге дайындығы
Copy link to Білім алушылардың қоршаған ортаға қатысты сын-қатерлерге дайындығыҚазақстанда білім алушылардың 53%-ы экологиялық ғылымдар бойынша кемінде базалық құзыреттілік деңгейіне (2-деңгей) жетті. ЭЫДҰ елдері бойынша орта есеппен білім алушылардың 74%-ы осы деңгейге қол жеткізеді, ал жеті ел мен аумақта бұл көрсеткіш 85%-дан асады.
PISA-2025 деректері білім беру жүйелерінің көпшілігінде білім алушылардың қоршаған ортаны қорғауға бағытталған көзқарастарының жоғары екенін көрсетеді, алайда тиімді ынтымақтастыққа қатысты өзіне деген сенімділік деңгейі төменірек. Қазақстандағы білім алушылардың 79%-ы қоршаған ортаға оң әсер ете алатынына сенеді (ЭЫДҰ орташа мәні: 81%); 84%-ы ұжымдық әрекет қоршаған ортаға қатысты мәселелерді шешуге көмектесе алады деп санайды (ЭЫДҰ орташа мәні: 82%); 71%-ы қоршаған ортаға оң әсер ету үшін басқа адамдармен қалай жұмыс істеу керектігін білетінін хабарлады (ЭЫДҰ орташа мәні: 68%).
Қазақстанда білім алушылардың 70%-ы болашақ мамандығы арқылы қоршаған ортаны қорғауға үлес қосуға белгілі бір дәрежеде немесе өте жоғары дәрежеде қызығушылық танытатынын айтты. Білім алушылардың көпшілігі PISA тестілеуіне дейінгі 12 ай ішінде қоршаған ортаға қатысты іс-шараларға кемінде бір рет қатысты. ЭЫДҰ елдері бойынша орташа есеппен білім алушылардың қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ең кең таралған әрекеттері достарымен және отбасы мүшелерімен қоршаған ортаға оң әсер етудің жолдарын талқылау (Қазақстан: 66%; ЭЫДҰ бойынша орташа көрсеткіш: 56%) және өнімдердің қоршаған ортаға әсерін және тұрақтылық сипаттарын ескере отырып сатып алу туралы шешім қабылдау болып табылады (Қазақстан: 54%; ЭЫДҰ бойынша орташа көрсеткіш: 54%).
Қазақстанда білім алушылардың 70%-ы болашақ мамандығы арқылы қоршаған ортаны қорғауға үлес қосуға белгілі бір дәрежеде немесе өте жоғары дәрежеде қызығушылық танытатынын айтты. Білім алушылардың көпшілігі PISA тестілеуіне дейінгі 12 ай ішінде қоршаған ортаға қатысты іс-шараларға кемінде бір рет қатысты. ЭЫДҰ елдері бойынша орташа есеппен білім алушылардың қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ең кең таралған әрекеттері достарымен және отбасы мүшелерімен қоршаған ортаға оң әсер етудің жолдарын талқылау (Қазақстан: 66%; ЭЫДҰ бойынша орташа көрсеткіш: 56%) және өнімдердің қоршаған ортаға әсерін және тұрақтылық сипаттарын ескере отырып сатып алу туралы шешім қабылдау болып табылады (Қазақстан: 54%; ЭЫДҰ бойынша орташа көрсеткіш: 54%).
Қазақстандағы PISA 2025 зерттеуінің негізгі ерекшеліктері
Copy link to Қазақстандағы PISA 2025 зерттеуінің негізгі ерекшеліктеріМазмұны
Copy link to МазмұныPISA-2025 зерттеуі жаратылыстану сауаттылығына басымдық бере отырып жүргізілді, ал математика мен оқу сауаттылығы қосалқы бағыттар ретінде бағаланды; цифрлық әлемде білім алуды бағалау барысында білім алушылардың есептеу әдістерімен тапсырмаларды шешу дағдылары және цифрлық ортада өз оқуын өз бетінше ұйымдастыра алу қабілеті бағаланды. Жаратылыстану, математика, оқу және есептеу әдістерімен тапсырмаларды шешу бойынша нәтижелер 2026 жылғы 8 қыркүйекте, ал білім алушылардың өз оқуын өз бетінше ұйымдастыруына қатысты талдау 2027 жылы жарияланады.
Білім алушылар
Copy link to Білім алушылар2025 жылы зерттеуге 760 000-нан астам білім алушы қатысты, олар PISA-ға қатысқан 91 ел мен аумақтағы мектептерде білім алатын шамамен 33 миллион 15 жастағы білім алушының атынан қатысты.
Қазақстанда 643 білім беру ұйымынан 22 680 білім алушы зерттеуге қатысты. Олар шамамен 324 600 15 жастағы білім алушының атынан қатысты (15 жастағы білім алушылардың жалпы санының шамамен 95%-ы).
PISA-ға қатысатын білім алушылардың зерттеу жүргізілген кездегі жасы 15 жас 3 айдан 16 жас 2 айға дейін және олар кемінде 6 жылдық ресми білім беру бағдарламасын аяқтаған болуы тиіс. Осы құжатта олар 15 жастағы білім алушылар деп аталады.
Зерттеу
Copy link to ЗерттеуБілім алушылар екі сағаттық тестілеуден өтті, әр білім алушы екі пән бойынша бағаланды. Білім алушыларға әртүрлі тест тапсырмалары мен пәндердің әртүрлі комбинациялары берілді (мысалы, жаратылыстану, одан кейін оқу сауаттылығы немесе математика, одан кейін жаратылыстану сауаттылығы және т.с.с.). Тест тапсырмаларының арасында көп таңдауы бар сұрақтар және білім алушылардан өз жауаптарын құрастыруды талап ететін сұрақтар да болды.
Білім алушылар сонымен қатар шамамен 35 минуттық сауалнамаға қатысты. Сауалнамада білім алушылардың өздері, олардың көзқарастары, ұстанымдары мен сенімдері, отбасы, сондай-ақ мектептегі өмірі мен оқуы туралы ақпарат жиналды. Мектеп директорлары мектепті басқару, ұйымдастыру және оқу ортасы туралы сауалнаманы толтырды.
Кейбір елдер/аумақтар қосымша ақпарат жинау мақсатында білім алушыларға, ата-аналарға және/немесе мұғалімдерге қосымша сауалнамалар ұсынды. Бұл қосымша сауалнамалардың нәтижелері осы құжатта қамтылмаған.
Сілтемелер
Copy link to СілтемелерOECD (2026), PISA 2025 Results (Volume I): Future-Ready Students, PISA, OECD Publishing, Paris, https://doi.org/10.1787/73451bc5-en.
PISA-2025 туралы толық ақпаратты www.oecd.org/pisa сайтынан табуға болады.
http://gpseducation.oecd.org сайтының көмегімен талдама мен қосымша деректерді зерттеуге, салыстыруға және визуализациялауға болады.
Білім мен дағдылар департаментінің PISA командасына келесі электрондық пошта мекенжайы бойынша сұрақ қоюға болады: edu.pisa@oecd.org.
Бұл жазбаны Франческо Аввисати (Francesco Avvisati) әзірледі, Білім мен дағдылар департаменті, ЭЫДҰ.
Бұл жұмыс ЭЫДҰ Бас хатшысының жауапкершілігімен жарияланды. Мұнда білдірілген пікірлер мен келтірілген дәлелдер ЭЫДҰ-ға мүше елдердің ресми көзқарастарына сәйкес келеді дегенді білдірмейді..
Бұл құжат және оған енгізілген қандай да бір деректер мен карта кез келген аумақтың мәртебесіне немесе егемендігіне, халықаралық шекаралардың делимитациясына және кез келген аумақтың, қаланың немесе ауданның атауына нұқсан келтірмейді.
Израильге қатысты статистикалық деректерді тиісті Израиль билігі ұсынады және олар үшін жауапкершілік те соларға жүктеледі. ЭЫДҰ-ның бұл деректерді пайдалануы халықаралық құқық нормаларына сәйкес Голан жоталарының, Шығыс Иерусалимнің және Батыс жағалаудағы Израиль елді мекендерінің мәртебесіне нұқсан келтірмейді.
© OECD 2026
Attribution 4.0 International (CC BY 4.0)
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 International (CC BY 4.0) лицензиясы бойынша қолжетімді. Осы жұмысты пайдалану арқылы сіз осы лицензияның талаптарын сақтауға келісесіз (https://creativecommons.org/licenses/by/4.0/).
Авторлық құқық иесін көрсету – осы жарияланымға сілтеме көрсетуіңіз қажет..
Аудармалар – түпнұсқа жарияланымға сілтеме көрсетуіңіз, түпнұсқаға енгізілген өзгерістерді көрсетуіңіз және мына мәтінді қосуыңыз қажет: Түпнұсқа жарияланым мен аударма арасында қандай да бір сәйкессіздік болған жағдайда, тек түпнұсқа жарияланымның мәтіні дұрыс деп есептеледі.
Бейімделген нұсқалар – түпнұсқа мәтінге сілтеме көрсетуіңіз және мына мәтінді қосуыңыз қажет: Бұл ЭЫДҰ-ның түпнұсқа мәтінінің негізінде әзірленген бейімделген нұсқа. Осы бейімделген нұсқада білдірілген пікірлер мен келтірілген дәлелдер ЭЫДҰ-ның немесе оған мүше елдердің ресми көзқарастары ретінде ұсынылмауы тиіс.
Үшінші тұлғалар материалдары – лицензия жұмыстағы үшінші тұлғалардың материалдарына қолданылмайды. Мұндай материалдарды пайдаланған жағдайда, үшінші тұлғадан тиісті рұқсат алу және құқықтардың бұзылуына қатысты кез келген талаптар үшін жауапкершілік сізге жүктеледі.
ЭЫДҰ логотипін, визуалды сәйкестендіру элементтерін немесе мұқаба суретін ЭЫДҰ-ның тікелей рұқсатынсыз пайдалануға немесе ЭЫДҰ сіздің осы жарияланымды пайдалануыңызды қолдайды деген түсінік қалыптастыруға болмайды.
Осы лицензияға сәйкес туындайтын кез келген дау Тұрақты төрелік сотының (PCA) 2012 жылғы Төрелік регламентіне сәйкес төрелік тәртібімен шешіледі. Төрелік талқылаудың орны – Париж (Франция). Төрешілер саны – бір.
Осы елдік жазбаның аудармасын «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ әзірледі. Ағылшын тіліндегі түпнұсқа мәтін мен аударма арасында қандай да бір сәйкессіздік туындаған жағдайда, тек түпнұсқа мәтін ғана дұрыс болып есептеледі.